Түркия Түрік Телеком Аренада Қазақстанды 3-1 жеңді

Қазақстан матчының артынан Түркия 2016 Еуропа додасы іріктеу турнирінде 4 ұпай жинады.

Түркия Түрік Телеком Аренада Қазақстанды 3-1 жеңді

2016 Еуропа додасы іріктеу турнирі А тобындағы алашқы үш матчында жеңілген Түркия төртінші матчында Қазақстан құрамасымен көгалға шықты.


Түрік Телеком Аренада ойналған матчты Ресей футбол федерациясы төрешілерінен Алексей Эськов басқарды.Алексейге қапталдардан отандастары Дмитрий Мосякин мен Валерий Данченко көмектеседі. Қосымша төрешілер болып Алексей Николаев пен Михаил Вилков бекітілген, ал, төртінші төреші — Николай Голубев.
Әсіресе матчтың алғашқы жартысында одан мықты ойнаған Түркия матчты 3-1 жеңіп алды.
Түркияның голдарын 26-шы және 29-шы минутта Бурак Йылмаз және 82-ші минутта Сердар Азиз салса, қонақ команданың жалғыз голын 87-ші минутта Смаков пенальтиден қақпаға салды.
Осы қорытындымен Түркияның А тобындағы ұпайы 4-ке жетсе, Қазақстан 1 ұпайда қалды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар