«Көбелектің түсіне» Үздік фильм әуені сыйлығы

Рахман Алтын Америкадағы Moondance Халықаралық фильм фестивалінде «Үздік фильм әуені» сыйлығына лайықты деп табылды.

145278
«Көбелектің түсіне» Үздік фильм әуені сыйлығы

«Көбелектің түсі» атты кинофильмнің әуенін жазған Рахман Алтын Америкадағы Moondance Халықаралық фильм фестивалінде «Үздік фильм әуені» сыйлығына лайықты деп табылды.


Аталмыш фильмдегі әуенімен бұдан бұрын 15-ші Милан Халықаралық фильм фестивалінде «Үздік фильм әуені», 13-ші World Soundtrack Academy-де «Халықтың таңдауы», 46-шы SİYAD Киноматография сыйлықтарында «Үздік музыка» және 19-шы “Кral” Түркия музыка байқауында «Үздік фильм әуені» сыйлықтарын алған түрік сазгер Алтын Moondance фестивалінде мықты үміткерлер арасында көрсетілген еді.


Рахман Алтын Ұлыбритания, Италия, Испания, Грекия және АҚШ-та жарияланатын 2013 Фильм музыкасы тізімінде топты жарып, бірінші болған тұңғыш және жалғыз түрік композиторы болды.


Колорадо штатында өткен, «Американың Канны» деп аталған кинофестивальде түріктің "Көбелектің түсі" атты фильмі Үздік фильм әуені, Үздік актер және Үздік фильм аталымдарында үміткер ретінде көрсетілген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар