Вашингтонда түрік самалы есті

12-ші кезекті Дәстүрлі Түрік фестивалі Вашингтонда ұйымдастырылды.

143529
Вашингтонда түрік самалы есті

12-ші кезекті Дәстүрлі Түрік фестиваліне қатты қызыққан америкалықтар әрі Түркияның тарихы, мәдениеті және өнерімен танысу, әрі түрік тағамдарының тәтті дәмін тату орайын тапты.
Түрік-Американ қоғамы тарапынан биыл 12-ші мәрте ұйымдастырылған Түрік фестивалінің мекені Ақүйге көршілес Фридом Плаза болды.
Түрік музыкасы және халық ойындарымен назар аударған фестивальдің Түркияны таныстыруға есе қосқанын айтуға болады.
Америкада тұратын түрік жастар да екі мәдениеттің арасына көпір салды.
Түрік фирмалары да өздерін таныстырған фестивальге қызығу мол болды.
Әсіресе әйелдердің назарын аударған Түрік базарында алқа-моншақ, қолөнер бұйымдары мен ыдыс-аяқтар көздің жауын алды.
Фестиваль аясында америкалықтар түрік тағамдарының дәмін татты. Шашлық, дөнер кәуап, тоқаш, шелпек және тәтті дәмді тағамдар сатылған жерде қалың адам қатар қалыптастырды.
Түркияның Вашингтондағы өкілетті елшісі Сердар Кылыч фестивальге деген қызығушылыққа разы болғандарын тілге тиек етті.
Сердар Кылыч аталмыш іс-шараның өткен жылы «Үздік фестиваль» болып сайланғанын еске салып, биыл да сондай құрмет көруді күткендерін айтты.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар