Ат үстінде 10 елді аралады

Масетти осы қызықты сапары жөнінде кітап жарияламақ.

112685
Ат үстінде 10 елді аралады

Канаданың Калгари қаласының тұрғыны бақташы Филлип Масетти ат үстінде он елді аралап, 16 мың км жол жүріп, еліне қайта оралды.


Масетти бала кезінде отбасымен бірге Канадаға Оңтүстік Америкадан келген. Канадада журналистика саласы бойынша білім алған. Оның ат үстіндегі саяхатының мақсаты – Латын Америкадағы есірткі соғысына назар аудару.


2012 жылдың шілде айында сапарын бастап, Канададан Мексикаға, ол жерден де Бразилияға дейін 16 мың км жол жүрді. Енді ол осы саяхатын деректі фильмге айналдырмақшы.


Масетти жол бойы көптеген есірткі мафиясының басшысымен танысты, олардың кейбіріне қонақ болды. Көптеген оқиғаға куә болды. Сапарының аяғында 9 жыл бұрын Бразилияға қайта оралған отбасымен табысты.


Масетти осы қызықты сапары жөнінде бір кітап жарияламақ.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар