3 мың жылдық шалбар табылды

Қытайдағы археологиялық қазбаларда әлемнің ең байырғы шалбары табылды.

86181
3 мың жылдық шалбар табылды


Қытайда Әлемдегі ең байырғы шалбар табылды.
Қытайдың батыс өңіріндегі археологиялық қазбаларда әлемнің ең байырғы шалбары табылды.
40 жастардағы және жауынгер екені байқалған екі атты көшпендінің мазарындағы қазбаларда екеуінің де шалбар кигені анықталды.
Сынақтар арқылы 3 мың жылдық екені анықталған шалбардың екеуі де қоңыр түсті екені және үш бөлшектен құралғаны білдірілді.
Балақтары ашық шалбарлардың белінде кісінің денесіне ықшамдалуы үшін белбеуге ұқсайтын қайыстар байланатын жерлері де бар.
Мамандар шалбарлар тігілген дәуірге қарағанда шынында ғасыр аттаған бір шеберлік өнері екенін ойлауда.
Неміс Археология институты жүн кездемеден тігілген шалбарлардың атқа ұзақ уақыт міну барысында адамның денесін қажалудан қорғау және жайлылық мақсаттарымен жобаланғанын мөлшерлеп отыр.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар