Түркия үздік 100 көркем фильмін таңдайды

Дауысқа салу 1 қыркүйек күніне дейін жалғасады.

84773
Түркия үздік 100 көркем фильмін таңдайды

Түрік киноматографиясының 100 жылдық мерейтойына орай үздік 100 фильм таңдалады. Мәдениет және туризм министрлігінің ұйымдастыруымен фильмдер халықтың даусымен сайланады.
1914 жылы түсірілген деректі фильм арқылы сапарын бастаған түрік киноматографиясы биыл 100 жылдығын тойлап отыр.
Мәдениет және туризм министрлігі де осы атаулы мерейтойды халықпен бірге тойлауға шешім берді. Бұл үшін ғалымдар, кәсіподақтар және қоғамдық ұйымдар анықтайтын 500 фильм арасынан таңдалатын 300 фильм халықтың даусына салынады.
Сауалнамаға қатысқысы келетін азаматтар http://100yil100film.gov.tr немесе http://www.yuzyilyuzfilm.gov.tr ғаламтор адрестеріне кіріп көруіне болады.
Дауысқа салу 1 қыркүйек күніне дейін жалғасады. Артынан қорытынды арнайы салтанатты кеште халыққа жарияланады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар