Халықаралық Юнус Эмре мәдениет және өнер апталығы

5-9 мамыр күндері арасында өтетін іс-шара аясында концерт беріледі, театр қойылымдары болады, көрмелер ашылады.

206975
Халықаралық Юнус Эмре мәдениет және өнер апталығы

Түркияның Ескишехир қаласында «Халықаралық Юнус Эмре мәдениет және өнер апталығы» болады. 5-9 мамыр күндері арасында өтетін іс-шара аясында концерт беріледі, театр қойылымдары болады, көрмелер ашылады.
Іс-шараға қаладағы муниципалитет, университет және түрлі үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар ұйытқы болып отыр.
Ескишехир Өнер журналы «Юнус Эмре кітаптары мен фотосуреттері» атты көрме ашады. Мүфтиат тарапынан барлық мешіттерде 2 мамыр күні «Юнус Эмренің адамгершілік түсінігі мен кішіпейілділігі» атты құтпа оқытылды.
5 мамыр күні 3-ші Юнус Эмре зерттеулері жиналысы болып өтеді. Сол күні Анадолы Университетінің арнайы каллиграфия көрмесі ашылады.
Атақты ойшыл өзі туған ауыл Михаллычыкта қабірі басында еске алынады. 7 мамыр күні 2014 Юнус Эмре зерттеу жүлдесінің марапаты өткізіледі. Айырықша «Шетелдердегі Юнус Эмре» атты конференция болады.
8 мамырдағы кеште болса қазақстандық Зағипа Иманғазиева діни әндерді шырқайды, артынан «Юнус Эмре киімдері» атты сән шеруі болады.
Халықаралық Юнус Эмре мәдениет және өнер апталығы 9 мамыр күнгі «Юнус Эмре» атты театр ойыны және ораторийінен кейін аяқталады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар