Лукашенко президент сайлауында жеңді

Александр Лукашенко 86,82 пайыз дауыс жинады.

2236987
Лукашенко президент сайлауында жеңді

26 қаңтарда Беларусьте өткен президент сайлауында Александр Лукашенко 86,82 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.

Беларусь Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының соңғы ресми қорытындысын жариялады.

Мәлімдемеге қарағанда сайлауға 6 миллион 903 мың 994 сайлаушы (85,69 пайыз)қатысқан.

Дауыстарды санау нәтижесінде қазіргі президент Лукашенко 5 миллион 136 мың 293 дауыспен (86,82 пайыз) сайлауда жеңіске жетті.

Беларусь Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Сергей Сиранков 189 740 дауыс (3,21 пайыз), Беларусь Либералдық-демократиялық партиясының жетекшісі Олег Гайдукевич 119 272 дауыс (2,02 пайыз), тәуелсіз кандидат кәсіпкер Анна Канопатская 109 760 дауыс (1,86 пайыз), Республикалық әділет және еңбек партиясының жетекшісі Александр Хижняк 102 789 (1,74 пайыз) дауыс жинады.

Беларусь заңына сәйкес ел тарихындағы 7-ші сайлауда жеңіске жеткен Лукашенко сайлау қорытындысы ресми түрде жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде ант беруі керек.



Ұқсас жаңалықтар