Израиль армиясы Ливанның оңтүстігіне шабуылдауда
Израиль армиясы аймақтағы ғимараттарды жарылғыш заттармен жарып жіберді.

Ливанмен атысты тоқтату келісіміне қарамастан елдің оңтүстігін басып алуын жалғастырған Израиль армиясы аймақтағы ғимараттарды жарылғыш заттармен жарып жіберді.
Израиль армиясының «Хизболла инфрақұрылымын жою» мақсатымен Ливанның оңтүстігінде бомбалы шабуыл жасағаны айтылды.
Кадрларда Израиль армиясы бөлімшелерінің Ливанның оңтүстігіндегі ауылдық аймақтарда әрекетін жалғастырып жатқаны көрсетілген. Қай қалада немесе ауылда екені әзірге жарияланбады.
Ливанның оңтүстігінде Хизболлаға тиесілі көптеген қару-жарақ пен оқ-дәріні алып қойғанын алға тартқан Израиль армиясы «жан-жақты операцияларды жалғастырудамыз» деп мәлімдеді.
Сонымен қатар Израиль армиясының Ярун қаласындағы үйлерді нысанаға алуы нәтижесінде үлкен жарылыс болғаны хабарланды. Елдің ресми ақпарат агенттігі «NNA» оңтүстіктегі Ярун қаласындағы жарылыс жақын маңдағы елді мекендерден естілгенін хабарлады. Хабарда Израиль армиясының оңтүстіктегі Маркаюн ауданындағы Адисе және Раб Телатин қалаларында көптеген үйді өртегені де атап өтілді.
Ливан-Израиль шекарасында 2023 жылы 8 қазанда басталған Израиль мен Хизболла арасындағы қақтығыстар 2024 жылдың қыркүйегінде күшейіп, Израильдің қарқынды бомбалауымен үлкен шабуылға айналған болатын.
Ливан мен Израиль арасындағы атысты тоқтату келісімі 2024 жылдың 27 қарашасы сәрсенбі күні күшіне енгенімен Израиль армиясы елдің оңтүстігін басып алып, атысты тоқтату келісімін бұзуды жалғастыруда.
Ұқсас жаңалықтар

Трамп Канада туралы қайталады
"Менің ойымша, Канада 51-ші штат болса, әлдеқайда жақсы болар еді" деді ол.