Грекияның төрт аралында жер сілкінісі қаупі

Эгей теңізіндегі сейсмикалық белсенділіктің артуына байланысты мектептерде оқу жұма күніне дейін тоқтатылды.

2237057
Грекияның төрт аралында жер сілкінісі қаупі

Грекияның төрт аралында соңғы күндері Эгей теңізіндегі сейсмикалық белсенділіктің артуына байланысты мектептерде оқу жұма күніне дейін тоқтатылды.

Грекияның мемлекеттік телеарнасы «ERT» хабарына қарағанда Климаттық дағдарыс және азаматтық қорғау министрі Василис Кикилястың төрағалығымен өткен жиналыста Эгей теңізіндегі сейсмикалық белсенділіктің артуына байланысты Санторини, Ямурги, Ниёз және Анафия аралдарындағы мектептерде жұмаға дейін оқуды тоқтатуға шешім қабылданды.

Үкімет жаңа шешім қабылданғанға дейін азаматтардан жабық аумақтарға жиналмауды, қараусыз қалған ғимараттарға жақындамауды, Санторини аралындағы көшкін қаупі бар Аммудиу, Арменис, Корфу және Палайо-Лименаның жағалауларына бармауды және бассейн суын ағызуды сұрады.

Санторини аралынан шыққан кемелер мен ұшақтар жер сілкінісі қаупіне байланысты аралдан кеткісі келген адамдарға толды.



Ұқсас жаңалықтар