Заңсыз мигранттар өз елдеріне қайтарылады

Мексика президенті Клаудиа Шейнбаум АҚШ-қа бару мақсатымен Мексикаға келген заңсыз мигранттардың өз елдеріне қайтарылатынын мәлімдеді.

2233279
Заңсыз мигранттар өз елдеріне қайтарылады

Мексика президенті Клаудиа Шейнбаум Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) бару мақсатымен Мексикаға келген заңсыз мигранттардың өз елдеріне қайтарылатынын мәлімдеді.

Шейнбаум бұл туралы Ұлттық сарайдағы күнделікті баспасөз мәслихатында айтты.

АҚШ-тан өз еліне қайтарылатын немесе АҚШ-қа бару үшін Мексикада жүрген мигранттардың гуманитарлық жолмен елдеріне жіберілетінін атап өткен Шейнбаум: « Гватемала және басқа да Орталық Америка елдерімен келісімдер бар, тіпті жақында осы мақсатта кездесу өткізілді. Кубамен де келісім бар. Құжатсыз мигранттарды Мексика жеріне емес, тікелей шыққан жерлеріне қайтару қажет», – деді.

Мексикада жүрген заңсыз мигранттарға гуманитарлық назар аударылатынын айтқан Шейнбаум «Мәселе мынада, егер бұл адамдар Мексика аумағында болса, гуманитарлық себептермен оларға қамқорлық көрсетеміз. Бірақ көші-қон саясаты аясында олар шетелдік болғандықтан өз елдеріне қайтуын қалаймыз», – деп түсіндірді.

Шейнбаум АҚШ билігімен мигранттардың жағдайы туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын және өз үкіметі жұмысқа кіріскен кезден бастап заңсыз мигранттарды ерікті түрде оралуға ынталандыруды басты назарда ұстап келе жатқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар