Төрт елдің ынтымақтастық стратегиялары талқыланды

АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы алғашқы келіссөздерін өткізді.

2233285
Төрт елдің ынтымақтастық стратегиялары талқыланды

Америка Құрама Штаттарының жаңа Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио алғашқы жұмыс күнінде Австралия, Жапония және Үндістанмен Төртжақты Қорғаныс Диалогы (Quad) аясында кездесу өткізді.

Рубио Жапонияның Сыртқы істер министрі Ивая Такэши, Австралияның Сыртқы істер министрі Пэнни Вонг және Үндістанның Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкарды Вашингтондағы кездесуде қабылдады.

Кездесу барысында Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік, экономикалық мүмкіндіктер және халықаралық құқық мәселелері талқыланды.

Төрт ел статус-квоны біржақты әрекеттер арқылы өзгертуді көздеген бастамаларға қарсы екенін мәлімдеді. Сондай-ақ “AUKUS” (Австралия, Ұлыбритания және АҚШ арасындағы ядролық суасты қайықтары альянсы) және екіжақты қорғаныс ынтымақтастығы сияқты мәселелер де күн тәртібінде болды.

“Quad” 2004 жылы гуманитарлық көмек көрсету мақсатында құрылып, 2007 жылы ресми мәртебеге ие болды.

Бұл альянс Қытайға қарсы стратегиялық форум ретінде қызмет атқарып келеді.



Ұқсас жаңалықтар