Иранның Рей ауданындағы мұнай қоймасында өрт шықты

Бұл туралы Иранның Мұнай министрлігіне қарасты «Энергия» ақпарат агенттігі мәлімдеді.

2233443
Иранның Рей ауданындағы мұнай қоймасында өрт шықты

 

Иранның Тегеран провинциясының Рей ауданындағы мұнай қоймасында өрт шықты.

Иранның Мұнай министрлігіне қарасты «Энергия» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда Рей ауданындағы мұнай қоймасында өрт шыққан. Иранның мұнай өнімдерін тарату компаниясының Бас директоры Керамет Вейскереми «Рей ауданындағы сұйытылған газ қоймасында өрт шықты. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келді», - деді.

Ирандық шенеунік сөндіру жұмыстарының жалғасып жатқанын, мәселеге қатысты егжей-тегжейлі мәлімдеменің кейінірек жасалатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар