Франция Башар Асадты тұтқындауға ордер шығарды

Бұл туралы Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро мәлімдеді.

2233195
Франция Башар Асадты тұтқындауға ордер шығарды

Францияның сот жүйесінің Сириядағы Баас режимінің биліктен қуылған жетекшісі Башар Асадты тұтқындауға ордер бергені хабарланды.

Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро өзінің «X» аккаунтындағы мәлімдемесінде «Франция сот жүйесі Башар Асадты тұтқындауға ордер берді. Седная түрмесінде мен куә болған режимнің қылмыстары мен сұмдықтары жазасыз қалмауы керек. Франция сириялықтар үшін әділдік орнатуға жұмылуда және әділдік үшін күресті жалғастырады», - деді.

Франция Ұлттық Терроризммен күрес прокуратурасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Прокуратура 2017 жылы Сирияда қайтыс болған Сирияда дүниеге келген француз азаматының өліміне байланысты тергеу аясында 16 қаңтар күні Асадты тұтқындау туралы ордер беруді сұрады.

Франция сот көздерінен жасалған мәлімдемеге қарағанда тергеуге жауапты прокурорлар 20 қаңтарда «өлтіру және бейбіт тұрғындарға қасақана шабуыл жасау салдарынан соғыс қылмыстарына қатысы бар» деген себеппен Асадты қамауға алу туралы бұйрық шығарды.

Барро және Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Баас режимі күйрегеннен кейін, 3 қаңтар күні Дамаскідегі азаптау базасы Седная түрмесін тексерді.

2023 жылы 15 қарашада Франция соты Асадты адамзатқа қарсы қылмыс және соғыс қылмыстарына қатысы бар деген айыппен қамауға алуға ордер шығарған болатын.

Сот Асадты 2013 жылы Сирияның Шығыс Гута аймағындағы химиялық шабуылдарға байланысты адамзатқа қарсы қылмыс жасады және соғыс қылмыстарына қатысы бар деп айыптаған еді.



Ұқсас жаңалықтар