БҰҰ Израильдің Батыс Шерияға жасаған шабуылдарына реакция білдірді
БҰҰ-ның Палестина бойынша арнайы баяндамашысы Франческа Албанес әлеуметтік желі аккаунтында мәлімдеме жасады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Палестина бойынша арнайы баяндамашысы Франческа Албанес Израиль тоқтатылмаса, Газа секторында жасаған геноциді басып алынған Батыс Шерияда жалғасуы мүмкін екенін ескертті.
Албанес әлеуметтік желі аккаунтында кеше Израиль армиясының Батыс Шерияның солтүстігіндегі Дженин босқындар лагеріне жасаған ауқымды шабуылына байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.
Израиль армиясының Газадағы атысты тоқтату келісімінен кейін Дженин босқындар лагеріне шабуыл жасағанына назар аударып, кешегі шабуылдарда 10 палестиналықтың қаза тапқанын хабарлады. «Израиль шабуылы тоқтатылмайынша палестиналықтарға қарсы геноцид Газамен шектелмейді» деді.
Израиль армиясының кеше Дженин босқындар лагеріне жасаған ауқымды шабуылдарында он палестиналық қаза тауып, 35 адам жараланды. Олардың біреуі бала. Дженин босқындар лагеріне әскери көлік және құрылыс техникасымен кірген Израиль әскерлерінің шабуылдары жалғасуда.
Ұқсас жаңалықтар

Суданда халықтың жартысы аштықпен бетпе-бет келіп отыр
БҰҰ Судандағы гуманитарлық дағдарыс кезінде 6 миллиард доллар талап етеді.