Лос-Анджелесте «қызыл жалау» ескертуі жасалды
Қалада өрт қаупіне байланысты «ең жоғарғы деңгейдегі қызыл жалау» ескертуі жарияланды.

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында өртпен күрес жалғасып жатыр, ал аймақтағы құрғақ ауа мен төмен ылғалдылық себебімен өрт қаупіне байланысты «ең жоғарғы деңгейдегі қызыл жалау» ескертуі жарияланды.
АҚШ Ұлттық метеорология қызметі жариялаған және жергілікті уақыт бойынша кеше түсте берілген, бүгін сағат 10:00-ге дейін жарамды «қызыл жалау» ескертуіне сәйкес Вентура мен Лос-Анджелестің көп бөлігі өрт қаупі аймағында.
Ескертуде Вентура мен Лос-Анджелестің солтүстік-шығысынан соққан күшті желдің жылдамдығы жағалау аймақтарында сағатына шамамен 100 шақырымға жетуі мүмкін екені және ауа ылғалдылығының 5-15 пайыз деңгейінде екені айтылған.
Бұл ауа райы жағдайлары шағын өрттің күшеюіне және жылдам таралуына әкелуі мүмкін екені ескертілді.