Израиль Батыс Шерияда ауқымды шабуылға дайындалуда

Израиль Бас штабының басшысы Батыс Шерияда кең ауқымды шабуылдарға дайындалуды бұйырды.

2232713
Израиль Батыс Шерияда ауқымды шабуылға дайындалуда

 

Израиль Бас штабының басшысы Герци Халеви армияға Газа секторындағы атысты тоқтату келісімі күшіне енгеннен кейін бір күн өткен соң басып алынған Батыс Шерияда кең ауқымды шабуылдарға дайындалуды бұйырды.

Халеви Газада қорғаныс дайындықтарын арттырумен қатар “Израиль армиясы басып алынған Батыс Шерияда алдағы күндері үлкен операцияларға дайын болуы керек” деді.

Мәлімдемеде бұл шабуылдардың орындары көрсетілмеген, бірақ соңғы жылдардағы белсенділік негізінен Батыс Шерияның солтүстігінде шоғырланған еді.



Ұқсас жаңалықтар