Илон Масктың сәлемі пікірталас тудырды
Маск Вашингтондағы «Capital One Arena» спорт аренасында өткен шарада сөз сөйледі.
2232755

Америкалық миллиардер Илон Масктың Америка Құрама Штаттарының 47-ші президенті болуға ант берген Дональд Трамптың жақтастарына жасаған ишарасы нацистік сәлемге ұқсатылып, пікірталас тудырды.
Маск Вашингтондағы «Capital One Arena» спорт аренасында өткен шарада сөз сөйледі. «Сайлаудағы жеңіс үшін рақмет», - деді Маск. Артынан нацистік сәлемге ұқсайтын қимыл жасап, «Жүрегім сізбен бірге» деді.
«Өркениеттің болашағын қауіпсіз еткеніңіз үшін рақмет», - деп жазды Маск.
Бұл әрекеттен кейін әлеуметтік желідегі көптеген қолданушы Маскты нацистік сәлем берді деп айыптап, наразылық білдірді.