Трамптың екінші президенттік мерзімі басталады
Ұлықтау рәсімі ауа райының салқындығына байланысты конгресс ғимаратының ішіне көшірілді.
2232428

Дональд Трамптың АҚШ президенті ретіндегі екінші мерзімі бүгін өтетін ант қабылдау рәсімінен кейін ресми түрде басталады.
Ел астанасы Вашингтонда Конгресс сыртындағы арнайы платформада өтуі тиіс ұлықтау рәсімі ауа райының салқындығына байланысты конгресс ғимаратының ішіне көшірілді.
Бұл тақырыпқа байланысты әлеуметтік медиа аккаунтында мәлімдеме жасаған Дональд Трамп «Елді шарпыған полярлық дауыл бар. Азаматтардың зардап шеккенін қаламаймын», - деді. «Келетін болсаңыз, жылы киініп келіңіз!» деді Трамп.
Президенттік шеру де әдеттегідей емес, бұл жолы спорт залында өтеді. Әдетте 200 000-нан астам адам қатысатын рәсім биыл 20 000 адаммен шектеледі.