Трамп инаугурацияға жиналған мыңдаған жақтасымен кездесті

Трамп Джон Кеннедидің өліміне қатысты құпия құжаттарды жариялайтынын мәлімдеді.

2232471
Трамп инаугурацияға жиналған мыңдаған жақтасымен кездесті

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) қайта сайланған президенті Дональд Трамп бұрынғы президент Джон Кеннедидің өліміне қатысты құпия құжаттарды жариялайтынын мәлімдеді.

Трамп бүгін Вашингтондағы инаугурацияға жиналған мыңдаған жақтасымен «Capital One Arena» спорт залында өткен шарада кездесті.

Трамп билік тізгінін алғаннан кейін Кеннедиді өлтіруге қатысты барлық құжаттарды жария ететінін айтты. Кеннедимен бірге оның ағасы Роберт Кеннеди және Мартин Лютер Кингтің өлтірілуіне қатысты барлық құжаттарды халыққа жариялайтынын айтқан Трамп «Сонымен қатар қоғамда үлкен қызығушылық тудыратын басқа да мәселелерге қатысты құжаттарды жариялаймыз. Барлығы жарияланады», - деді.



Ұқсас жаңалықтар