«SpaceX»-тің зымыран ұшыру сынағы сәтсіз аяқталды
Илон Маск өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында оқиғаның видеосын жариялады.

Америкалық миллиардер Илон Маскқа тиесілі «Starship» зымыранының 7-ші сынағы сәтсіз аяқталды.
«NBC News» арнасының хабарлауынша ғарыш кемесі ұшқаннан кейін көп ұзамай байланыс үзіліп, зымыранның жоғарғы сатысы ыдырап кеткен.
Жарылыс Мексика шығанағында немесе Кариб теңізінде болған. Әлеуметтік желілерде зымыранның ыдырау видеолары пайда болды.
Илон Маск өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында оқиғаның видеосын жариялады. «Табыс белгілі емес, бірақ көңіл көтеруге тұрарлық» деді.
«Сұйық оттегінің ағып кетуі желдеткіштің өткізу қабілетін баяулатып, қозғалтқышқа қысым түсіп, жарылыс болды», - деп жазды Маск өз хабарламасында.
«Starship» зымыранына, соның ішінде өрт сөндіру жүйесіне кейбір өзгерістер енгізілетінін айтқан Маск келесі сынақ келесі айда болатынын атап өтті.
Ай және одан әрі алыс жерлерге миссия орындауға арналған «Starship» сынақты сәтті аяқтағанда Үнді мұхитына құлар еді.