Израиль Ливанға шабуылдарын жалғастыруда
Израиль атысты тоқтату жарияланғаннан бері бұл келісімді 560 рет бұзды.

Израиль әскері Ливанмен жасалған атысты тоқтату келісімін 51-күні 11 рет бұзды.
Ливанның “NNA” агенттігінің мәліметінше Израиль әскері Бейрут қаласы мен Ливанның оңтүстігіндегі Сур мен Набатия қалаларында бомбалау, құрлыққа кіру, үйлерді жару, оқ ату, дрон мен әскери ұшақтарды ұшыру арқылы келісімді бұзған.
Бас қала Бейрутта және қаланың оңтүстігіндегі «Хезболла» бекінісі ретінде танымал Дахия ауданында Израиль дронының төмен биіктікте ұшқаны байқалды.
Набатияға қарасты Бинт Жубейль ауданының Айта әш-Шааб ауылында Израиль әскері көптеген үйді жарып жіберді.
Ауданға қарасты Марун әр-Рас ауылында Израиль әскерінің көліктері қозғалыста болғаны анықталды.
Израиль әскері ауылдағы бір үйдің есігін жарып, автоматты қарумен оқ атты.
Мерджайун ауданында әт-Тайба ауылына кіріп, автоматты қарумен оқ жаудырды.
Израильге тиесілі бульдозерлер кейбір көшелер мен аудандардағы жолдарды бұзды, ал дрондарының Набатия және Сур қалаларының үстінен ұшқаны байқалды.
Осылайша Израиль әскерінің Ливанда атысты тоқтату келісімін 51-күні 11 рет бұзғаны анықталды, ал атысты тоқтату 2024 жылдың 27 қарашасында жарияланғаннан бері 560 рет бұзды.
Бұл шабуылдар барысында Израильдің әрекеттері салдарынан кемінде 37 адам қаза тауып, 45 адам жарақат алған.