Израиль келісімге қарамастан Газа секторын шабуылдауда
Израильдің Газада атысты тоқтату келісімі жарияланғаннан кейінгі шабуылдарында барлығы 99 палестиналық қаза тапты.

Атысты тоқтату келісімі жарияланғаннан бері Израильдің Газа секторына жасаған әуе шабуылдарынан кемінде 99 палестиналық қаза тапты.
Палестинаның ресми ақпарат агенттігі «WAFA»-ның хабарлауынша Израиль Газа секторына қоныс аударған палестиналықтардың үйлері мен шатырларын бомбалады.
Газа секторының солтүстігіндегі Джибалия қаласындағы бір үйге жасалған шабуылда тоғыз бейбіт тұрғын қаза тауып, көптеген адам жараланды.
Ал Хан-Юнис қаласының шығысында орналасқан Абсандағы «Берке» әулетінің үйін Израиль әскери ұшақтары бомбалады. Шабуыл кезінде кем дегенде 5 палестиналық қаза тауып, көптеген адам жараланды.
Хан-Юнистің батысындағы шатырға жасалған шабуылда екі палестиналық қаза тапты.
Газа секторының орталығындағы Нусайрат босқындар лагеріндегі шатырға жасалған шабуылда да бір адам қаза тапты.
Израиль армиясының Салахаддин көшесінің маңында ұшқышсыз әуе көлігімен жасаған шабуылында бір адам қаза тапты.
Сондай-ақ Израиль армиясы Газа секторының солтүстігіндегі Джибалияға үш әуе шабуылын жасады.
Жергілікті ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда Израильдің Газада атысты тоқтату келісімі жарияланғаннан кейінгі шабуылдарында барлығы 99 палестиналық қаза тапты. Олардың 23-і бала, 27-сі әйел.