Таня Файон Палестина мемлекетін тануды қолдайтынын білдірді

Словения премьер-министрі Анадолы агенттігіне сұқбат берді.

2230923
Таня Файон Палестина мемлекетін тануды қолдайтынын білдірді

Словения премьер-министрінің орынбасары Таня Файон Израильдің Газаға қарсы шабуылдарын тоқтатуды және тәуелсіз Палестина мемлекетін тануды қолдайтынын мәлімдеді.

Файон Анадолы агенттігіне берген сұқбатында Түркия мен Словения арасындағы стратегиялық серіктестікке тоқталып,  екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың нығая түскенін, Ресей-Украина соғысында Украинаның жанында екенін және бейбітшілік бастамаларын қолдайтындарын айтты.

Газадағы гуманитарлық трагедияны айыптап, Израиль шабуылдарын тоқтату керектігін баса айтқан Файон «Словенияның тәуелсіз және егемен Палестина мемлекетін мойындауының себебі осы. Өйткені Палестина мемлекеті ғана израилдіктер мен палестиналықтардың қауіпсіздігіне кепілдік бере алады деп сенеміз», -  деді.

Сонымен қатар Министр Файон Сириядағы Баас режимінің күйреуі Сирия үшін «тарихи мүмкіндік» екенін және бұл процесті өте мұқият қадағалап отырғанына назар аударып, «Түркияның өте маңызды рөл атқаратынын білемін. Өтпелі кезең барлығын біріктіріп, елдің болашағына назар аударатын, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа кепілдік беретін саяси процесс болуы керек», -деді.



Ұқсас жаңалықтар