PKK/YPG Сирияда қарулы дайындық өткізуде
Ұйым жақтастарын Хасака провинциясының орталығы мен Камишли ауданына жинауда.

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG Сириядағы оккупациясын күшейту үшін ирак пен ирандық жақтастарына қарулы дайындық өткізуде.
Сепаратистік лаңкестік ұйым 3 қаңтардан бастап Иран мен Ирактағы өз жақтастарынан 1300 еркек пен әйелді Сирияға әкелді. Ұйым Түркияның ықтимал әскери операциясына қарсы Айнуларабтағы (Кобани) оккупацияны күшейту үшін жақтастарын Хасака провинциясының орталығы мен Камишли ауданына жинауда. Лаңкестер жақтастарын Ракка мен Дейр-эз-Зордағы лагерлеріне апарып, қарулы дайындықтан өткізуде.
Сирия жерінің үштен бірін басып алуды жалғастырған PKK/YPG террористердің Ирактың солтүстігінен Сирияның солтүстік-шығысына логистикалық желі арқылы өтуін қамтамасыз етуде.
Өткен аптада Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан «Оларға (PKK/YPG) қойған ультиматумымыз анық. Біз оны америкалықтар арқылы және баспасөз арқылы жарияладық. Түркиядан, Ираннан, Ирактан келген халықаралық террористер Сириядан (міндетті түрде) кетуі керек», - деген еді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Джон Басс Түркияның қауіпсіздік алаңдаушылығын түсінетіндерін және Сириядағы шетелдік террористтердің кетуі керектігін айтқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Суданда халықтың жартысы аштықпен бетпе-бет келіп отыр
БҰҰ Судандағы гуманитарлық дағдарыс кезінде 6 миллиард доллар талап етеді.