Пәкістанда 27 лаңкес залалсыздандырылды

Операция барысында көптеген қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш зат тәркіленді.

2230227
Пәкістанда 27 лаңкес залалсыздандырылды

Пәкістан армиясы 27 лаңкесті залалсыздандырды. Пәкістан армиясы алдыңғы күні Белуджистанның Каччи ауданында лаңкестердің бар екені туралы хабарлама алынғанын хабарлады. Аймақта жасалған рейдте 27 террористтің залалсыздандырылғаны жарияланды.

Операция барысында көптеген қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш зат тәркіленіп, құқық қорғау органдарының Белуджистанның тыныштығы, тұрақтылығы мен ілгерілеуін бұзу әрекеттеріне тосқауыл қоюға бекінгені баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар