Норвегияда Газа мәселесі бойынша конференция өтеді

Норвегия Израиль мен Палестина арасындағы екі мемлекет шешіміне арналған халықаралық конференция өткізеді.

2230177
Норвегияда Газа мәселесі бойынша конференция өтеді

Норвегия 15 қаңтарда Израиль мен Палестина арасындағы екі мемлекет негізіндегі шешімді жүзеге асыруға бағытталған халықаралық конференцияға өткізетінін хабарлады.

Норвегия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес "Екі мемлекет шешімін жүзеге асыру бойынша ғаламдық альянс" аясындағы конференция Норвегияның астанасы Ослода Сыртқы істер министрі Эспен Барт Эйденің төрағалығымен өтеді.

Эйде конференцияға байланысты жасаған мәлімдемесінде "Біз соғысты тоқтату үшін қажырлы еңбек етіп, палестиналықтар мен израильдіктерге әділдік, қауіпсіздік және өз тағдырын шешу құқығын беретін тұрақты шешімді қамтамасыз етуіміз керек," – деді.

Конференцияға Палестина премьер-министрі және Сыртқы істер министрі Мұхаммед Мұстафа, БҰҰ-ның Таяу Шығыс бейбітшілік процесі бойынша арнайы үйлестірушісі Тор Веннесланд, БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек және қалпына келтіру агенттігінің (UNRWA) бас комиссары Филипп Лазарини бастаған 80-нен астам елдер мен ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Мұхаммед Мұстафаның бұл сапары Норвегияның Палестинаны мемлекет ретінде мойындағаннан кейінгі алғашқы ресми сапары болмақ.

Конференция 7 қазан 2023 жылдан бері Израильдің Газадағы шабуылдарында 46 584 палестиналық, оның ішінде 17 841 бала мен 12 298 әйел қаза тапқан және 109 731 адам жараланған қайғылы жағдайлар жалғасып жатқан кезеңде өтпек.



Ұқсас жаңалықтар