Йемендегі хоуситтер Израильге шабуылдады
Шабуылда 11 адам жарақат алды.

Йеменнен ұшырылған зымыраннан кейін Израильде 11 адам жарақат алды.
Израильдің жедел жәрдем қызметі Маген Дэвид Адомның мәлімдемесінде 11 израильдіктің жарақат алғаны, 4 адамда үрейлену жағдайы болғаны айтылды.
Йемендегі хоуситтердің әскери өкілі Яхья Сери Израиль Қорғаныс министрлігін «Палестина 2» деп аталатын гипердыбыстық зымыранмен нысанаға алғандарын жариялаған болатын.
Сери Израильдің әуе қорғаныс жүйелерінің сәтсіздікке ұшырағанын және гипердыбыстық зымыранның нысанаға сәтті жеткенін, бұл соңғы 12 сағат ішінде Израильге жасалған үшінші шабуыл екенін айтты.
Израиль армиясының «X» аккаунтынан жасалған мәлімдемеде Йеменнен ұшырылған баллистикалық зымыран салдарынан елдің көптеген аймағында сиреналар қосылып, зымыранның әуе қорғаныс жүйелері арқылы жойылғаны және адам шығыны болмағаны айтылған болатын.
Израиль армиясы кеше Йеменнен елдің оңтүстігіне қарай ұшырылған ұшқышсыз ұшу аппаратын жойғанын жариялады. Йемендегі хоуситтер Израильге жиі зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасауда.