Хорватияда дауыстың 99 пайыздан астамы саналды

Алдын ала нәтижелер бойынша Милановичтің 74,66 пайыз дауыс жинап, екінші рет президент болып сайланғаны хабарланды.

2229706
Хорватияда дауыстың 99 пайыздан астамы саналды

Хорватияда президенттік сайлауда Зоран Миланович 74,66 пайыз дауыс жинап, жеңісін жариялады.

Мемлекеттік сайлау комиссиясының мәлімдемесіне сәйкес кеше өткен президенттік сайлаудың екінші турында дауыстың 99 пайыздан астамы саналды.

Алдын ала нәтижелер бойынша Милановичтің 74,66 пайыз дауыс жинап, екінші рет президент болып сайланғаны хабарланды.

Зоран Миланович "жеңіс" сөзінде азаматтардың өз пікірін анық түрде дауыс беру арқылы жеткізгенін айтты.

Миланович бұл күннің өзі үшін маңызды екенін атап өтіп, сөзін былай жалғастырды:

"Бұл жеңісті мен соңғы 5 жылдағы еңбегімнің бағасы және халықтың маған деген сенімінің көрінісі ретінде қабылдаймын. Сонымен қатар бұл мемлекет мәселелерін тыңдау қажет екенін көрсеткен халықтың анық үндеуі деп санаймын. Мен конституцияға адал боламын. Тағы да айтқым келеді, бұл – билікке ұмтылу емес, міндетке адал болу мәселесі. Менің міндетім – барлығына тең қарау, себебі конституция осыны талап етеді. Сыртқы саясатта ынтымақтастық қажет, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі 3 жыл бойы жиналған жоқ, бұл менің таңдауым болмаған."

Еуропалық қорлар мәңгілік келмейтінін айтқан Миланович ресурстарды дұрыс пайдалану қажеттігін де атап өтті.

Премьер-министр Андрей Пленковичке қысым жасағысы келмейтінін айтқан Миланович "Бірақ біз армандаған Хорватияны құру үшін сөйлесуіміз керек," – деді.

Милановичтің қарсыласы, биліктегі оңшыл-орталық Хорват демократиялық одағының үміткері бұрынғы Білім министрі Драган Приморац 25,34 пайыз дауыс жинады.



Ұқсас жаңалықтар