Елшілікті қайта ашады

Дайындық жұмыстары аясында Ливанға делегация жіберілді.

2229881
Елшілікті қайта ашады

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Ливандағы елшілігін қайта ашуға дайындықты бастады.

БАӘ Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Ливан елшілігінің қайта ашылуына дайындық жұмыстары аясында Ливанға делегация жіберілгені айтылды.

Біріккен Араб Әмірліктері президенті Мұхаммед бин Заидтің Ливан президенті Джозеф Аунмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін осындай нұсқау бергенін білдірген мәлімдемеде «Елшіліктің қайта ашылуы екі ел мен дос халықтар арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды көрсетеді» деп айтылды.

Ливан ақпарат министрі Джордж Кардахидің 2021 жылдың қазан айында Сауд Арабиясын Йеменге қатысты сынаған мәлімдемелерінен кейін Абу-Даби Бейруттен дипломаттарын шығарып, өз азаматтарына Ливанға баруға тыйым салған еді.



Ұқсас жаңалықтар