Римде жаһандық қақтығыстар талқыланды

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен "Транс-атлантикалық бестік (Quint)" елдердің сыртқы істер министрлері және дипломаттарымен Италияның астанасы Римде кездесті.

2229164
Римде жаһандық қақтығыстар талқыланды

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен еуропалық кейбір әріптестері және дипломаттарымен Сириядағы соңғы оқиғалар, Ливандағы қақтығыстарды тоқтату және Газа секторындағы соғысты аяқтау мәселелерін талқылады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарлауынша Блинкен "Транс-атлантикалық бестік (Quint)" елдердің сыртқы істер министрлері және дипломаттарымен Италияның астанасы Римде кездесті.

Кездесуге Италияның Сыртқы істер министрі Антонио Таяни, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми, Еуропалық Одақтың (ЕО) сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас, сондай-ақ Германия мен Франция дипломаттары қатысты.

Блинкен кездесуде Сириядағы өтпелі кезең мен аймақтың тұрақтылығы, сондай-ақ Ливан мен Газадағы жағдайды әріптестерімен талқылады.

8 желтоқсанда Баас режимі құлағаннан кейін Сириядағы өтпелі кезең мен ағымдағы жағдай талқыланған кездесуде Сирияның "көршілеріне қауіп төндірмеуі үшін қажетті қадамдар басылуы" керек екені атап өтілді. Сондай-ақ Сириядағы бейбіт тұрғындардың, адам құқықтары мен халықаралық гуманитарлық құқықтың қорғалуына қатысты шаралар қабылдау қажеттігі қайталанды.

Ливандағы қақтығыстарды тоқтату және тұрақты бейбіт жағдай орнату қажеттілігі туралы пікір алмасылған кездесуде Газадағы соғысты тоқтату, барлық тұтқындарды босату және гуманитарлық көмекті ұлғайту қажеттігі айтылды.

"Quint" транс-атлантикалық ынтымақтастық механизмі АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және Италия сияқты бес ірі батыс елінен тұрады.



Ұқсас жаңалықтар