Израиль өлтірген журналистер еске алынды
Палестинада Израиль өлтірген журналистер Түркия астанасы Анкара қаласында еске алынды.
Анкара Палестинамен ынтымақтастық платформасы мүшелері 10 қаңтар Қызметтегі журналистер күніне орай Палестинада Израильдің шабуылы салдарынан қаза тапқан журналистерді еске алу шарасын ұйымдастырды.
Гүвенпарк саябағында жиналған платформа мүшелері Израильдің шабуылдары кезінде Палестинада қаза тапқан журналистердің суреттері бейнеленген плакаттар ұстады.
Платформа атынан мәлімдеме жасаған журналист Тайяр Тержан Палестинада 461 күнде 202 журналистің қаза тапқанын, 399 журналистің жараланғанын және 43 журналистің тұтқындалғанын мәлімдеді.
Тержан батыс елдерінің әлемде баспасөз бостандығын қолдайтындарын жариялап, көптеген елге сабақ беруге тырысып жатқанын, бірақ Израильдің шабуылдарына батыс медиасының үнсіз қалғанын сынға алды.
"Біз журналист болудан бұрын адамбыз. Соңғы 1,5 жылда соғыс заңдарына, адамгершілік және ар-ождан құндылықтарына қайшы келетін бұл геноцидті тоқтату үшін әрекет ету қажет деп санаймыз," – деді Тержан.
Палестиналық журналист Захер Альбек Израильдің шындықты жасыру үшін журналистерді әдейі өлтіріп жатқанын атап өтті.
Альбек "Газадағы журналистер 'Үнсіз қалмаңыздар' деген хабар жолдады," – деп қосты.
Ұқсас жаңалықтар
Иран өз азаматтарына Сирияға баруға кеңес бермейтіндерін айтты
Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Исмаил Бекаи мәлімдеді.
Трамп инаугурацияға жиналған мыңдаған жақтасымен кездесті
Трамп Джон Кеннедидің өліміне қатысты құпия құжаттарды жариялайтынын мәлімдеді.