12 мыңнан астам адам медициналық эвакуациялауға мұқтаж
Гебрейесус Газадағы денсаулық жағдайы туралы жазба жариялады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДCҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Газадағы 12 мыңнан астам адам медициналық эвакуациялауға мұқтаж екенін хабарлады.
Гебрейесус әлеуметтік желіде 2024 жылдың қазан айынан бері Израильдің тоқтаусыз шабуылдары мен қоршауында қалған Газадағы денсаулық жағдайы туралы жазба жариялады.
Гебрейесус ДДСҰ және оның серіктестері Газадағы төрт науқастың Иорданияға және алты науқастың Америка Құрама Штаттарына медициналық эвакуациялануын қолдағанын және науқастарға арнайы медициналық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
«Газада 12 мыңнан астам адам әлі де медициналық эвакуацияға мұқтаж» деген Гебрейесус Израильді медициналық эвакуациялауды мақұлдау жылдамдығын арттыруға және процесті жылдамдатуға, сондай-ақ қауіпсіз медициналық эвакуация үшін барлық мүмкін дәліздер мен шекаралық өткелдерді пайдалануға рұқсат беруге шақырды.