Мьянмадағы жағдай алаңдатарлық
ЕО, АҚШ, Австралия, Канада, Жаңа Зеландия, Норвегия, Оңтүстік Корея, Швейцария, Шығыс Тимор және Ұлыбритания Мьянмадағы гуманитарлық ахуалға қатысты ортақ хабарлама жасады.

Еуропалық Одақ (ЕО) және Америка Құрама Штаттары (АҚШ) қатарлы 8 ел әскери басқарудағы Мьянмадағы адам құқықтары мен гуманитарлық жағдайға қатты алаңдаушылық білдірді.
ЕО, АҚШ, Австралия, Канада, Жаңа Зеландия, Норвегия, Оңтүстік Корея, Швейцария, Шығыс Тимор және Ұлыбритания Мьянмадағы гуманитарлық ахуалға қатысты ортақ хабарлама жасады.
Аталған хабарламада Мьянмада адам құқықтары мен гуманитарлық дағдарыстың күрт ушыққанына байланысты терең алаңдаушылық бар екені атап өтілді.
Төңкеріс арқылы билікке келген әскери басқарудың Мьянма халқына қарсы көрсетіп отырған зорлықшыл қысымдарына жол беруге болмайтыны айтылған хабарламада елдегі дағдарыстың одан әрі ушығып бара жатқаны ерекше аталды.
Мьянма әскері «Аракан (Ракхайн) штатындағы қақтығыстардың ушығуы және бұл жерде мұсылмандардың да болуы, барлық қауымдастықтың көріп отырған азабы – қатты алаңдатарлық», — деп мәлімдеді.
Мәлімдемеде негізсіз ұсталған барлық тұтқындарды дереу босату керектігіне шақырылып,
«Аракандық мұсылмандарға қатысты кемсітушілік пен қатыгездік әрекеттерін тоқтату Мьянмадағы дағдарыстың саяси тұрғыда шешілуінің бір бөлігі болуы тиіс» — деп атап көрсетілді.
Сондай-ақ мәлімдемеде Мьянмадағы жағдайды бейбіт жолмен шешу және көпшіл демократияға қайта оралу үшін «шынайы, сындарлы және баршаға ортақ диалог» жүргізу қажеттігіне баса назар аударылды.