Оппозиция жетекшісі үшін сыйақы беріледі
Венесуэла Мадридте тұратын Гонсалесті ұстауға көмектесетіндерге сыйақы берілетінін хабарлады.

Венесуэла оппозиция жетекшісі Эдмундо Гонсалестің тұтқындалуына байланысты ақпарат беретіндерге 100 мың доллар берілетінін жариялады.
Венесуэла қазір Испанияның астанасы Мадридте тұратын Гонсалесті ұстауға көмектесетіндерге сыйақы берілетінін хабарлады.
Венесуэланың ғылыми, қылмыстық және криминалистикалық зерттеулер қауымдастығы (CICPC) Испанияны паналаған Гонсалесті ұстауға көмектесетіндерге 100 мың доллар беруге уәде берді.
CICPC «Гонсалес республикаға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерін қолдады, қызметтік өкілеттігін иемденді, құжаттарды қолдан жасады, ақша жымқырды, мемлекеттік мекемелерді елемеді, заңға бағынбады және қылмыстық ұйым құрды деген айыптармен іздеуде» деп мәлімдеді.
Сонымен қатар «Гонсалес Аргентинаға барады және оны президент Хавьер Майлей қабылдайды» деген ақпарат тарады.
Гонсалес бұған дейін БАҚ-қа берген бірнеше мәлімдемесінде Венесуэлаға келіп, 2025 жылдың 10 қаңтарында президент ретінде ант беруді қалайтынын мәлімдеген болатын.
Ұлттық сайлау кеңесі 29 шілдеде жариялаған нәтижеге сәйкес, Николас Мадуро 51,20 пайыз дауыспен үшінші рет президенттік сайлауда жеңіске жеткен еді. Оппозициялық коалиция кандидаты Гонсалес пен оппозиция жетекшісі Мария Корина Мачадо сайлау нәтижелерін қабылдамады.
Өзін қамауға алу ордері шыққаннан кейін Гонсалес 8 қыркүйекте Испания әуе күштерінің ұшағымен әйелімен бірге Каракастан Мадридке ұшып кетті.