Көлігімен адамдарды езді

Шабуылдаушы 2 полиция қызметкеріне оқ атқан.

2226055
Көлігімен адамдарды езді

Америка Құрама Штаттарының Нью-Орлеан қаласында жүк көлігі халықтың арасына басып кірді. 10 адам қаза тауып, 35 адам жарақат алды.

Оқиға қаланың  Бурбон көшесінде болды.

Жүк көлігінің жүргізушісі жаңа жылды қарсы алуға шыққандарды нысанаға алған. Жүргізуші алдымен көлігін көпшіліктің арасына бағыттаған. Кейін жүк көлігінен түсіп, адамдарға оқ жаудырған.

Оқиға болған жерге барған полиция қызметкерлері мен шабуылдаушы арасында жанжал шықты.

Шабуылдаушы 2 полиция қызметкеріне оқ атқан.

Алғашқы анықтамалар бойынша шабуылдан кем дегенде 10 адам қаза тауып, 35 адам жарақат алды.

Сондай-ақ жүк көлігінде жарылғыш зат бар екені анықталды.

Оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар