Францияның колониясында үкімет құлады

Францияның колониясы Жаңа Каледонияда үкімет құлады.

2223890
Францияның колониясында үкімет құлады

Францияның Үнді-Тынық мұхитындағы колониясы Жаңа Каледонияда үкімет құлады.

Жаңа Каледонияның «Каледония Бірге» партиясы үкіметтен шығатынын мәлімдегеннен кейін премьер-министр Луи Мапуға жолданған хат негізінде үкіметтің құлағаны хабарланды.

Француз басылымдарының хабарлауынша тәуелсіздікке қарсы Жаңа Каледонияның «Каледония Бірге» партиясы премьер-министр Луи Мапуға хат жіберіп, үкіметтен шығатынын мәлімдеген.
Хатта 13 мамырдан бастап Жаңа Каледонияның әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа ұшырағаны және үш жыл бойы Мапу үкіметінің кабинетті аралдың басқа институттарынан тәуелсіз әрекет ететін құрылымға айналдырғаны туралы айтылған.

Франция президенті Эммануэль Макронның «Ренессанс» партиясына тиесілі Жаңа Каледонияның «Каледония Бірге»  партиясының үкіметтен шығуы нәтижесінде премьер-министр Мапу басқаратын үкімет құлады.
Тәуелсіздік жақтаушысы Луи Мапу жаңа үкімет құрылғанға дейін өз қызметін жалғастырады.

Жаңа Каледонияда үкіметті Конгресс мүшелері дауыс беру арқылы сайлайды.
Тәуелсіздік жақтаушысы Луи Мапу 2021 жылдың шілде айында премьер-министр болып сайланған.

Жаңа Каледониядағы конституциялық даулар

Франциядан 17 мың шақырым қашықтықта орналасқан Үнді-Тынық мұхитындағы Жаңа Каледония халқы Франция үкіметінің жергілікті халықтың сайлаудағы ықпалын азайтатын конституциялық реформасына қарсы.
Конституциялық өзгерістер жобасы бойынша Франция үкіметі аралда кемінде 10 жыл тұрған француз азаматтарының жергілікті сайлауларға қатысуына мүмкіндік беруді көздейді.

Жаңа Каледонияның жергілікті халқы канактар Франция үкіметінің бұл бастамасын 1998 жылғы Нумеа келісіміне қайшы  деп санайды.
Аралда мамыр айында реформаға қарсы шыққан жергілікті халық Франция үкіметінен бұл ұсыныстан бас тартуды талап етуде.

Жаңа Каледония 1998 жылы Нумеа келісімі арқылы автономиялық мәртебеге ие болды. Келісімге сәйкес жергілікті халықтың өз жерінде азшылық болып қалмауы үшін сайлау құқығы тек 1998 жылға дейін аралда тұрған адамдар мен олардың балаларына ғана берілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар