Германияда ерте сайлау өткізіледі
Партиялар сайлау өткізу үшін 23 ақпан күнін белгіледі.

Германияның канцлері Олаф Шольц Федералдық парламенттен сенім дауысын ала алмаған соң елде мезгілінен бұрын сайлау өткізу үдерісі басталды.
Сенім дауысында Шольцты 207 депутат қолдаса, 394 депутат қарсы дауыс берді. Ал 116 депутат «қалыс» дауысын қолданды.
Канцлер Шольцтың сенімге ие болуы үшін 367 дауыс жинауы қажет болатын.
Германия Президентінің баспасөз хатшысы Керстин Гаммелин әлеуметтік желі «X» парақшасында жасаған мәлімдемесінде Президент Штайнмайер сенім дауысынан өте алмаған Шольцты қабылдағанын хабарлады.
Гаммелиннің айтуынша Канцлер Шольц Президентке парламентті тарату туралы ұсыныс жасаған.
Президенттің парламентті тарату немесе таратпау туралы шешім қабылдау үшін 21 күні бар екенін хабарлаған Гаммелин содан кейінгі 60 күн ішінде елде мезгілінен бұрын сайлау өтуі тиіс екеніне назар аударды.
6 қарашада канцлер Олаф Шольц коалициялық серіктестері Социал-демократиялық партия, Жасылдар және Еркін демократиялық партия өкілдерімен өткізген кездесу барысында Еркін демократиялық партия төрағасы әрі қаржы министрі Кристиан Линднерді қызметінен босатты.
Осы отырыстан соң Еркін демократиялық партия үкімет құрамындағы министрлерінің міндетті тастағандарын хабарлағандықтан «бағдаршам коалициясы» деп аталған үкімет тарады.
Партиялар сайлау өткізу үшін 23 ақпан күнін белгіледі.
Үкімет тарағаннан кейін Социал-демократиялық партия, Жасылдар және негізгі оппозиция болып саналатын Христиандық одақ партияларының парламенттік фракциялары 2025 жылдың 23 ақпанында сайлау өткізуге келісті.
Сайлау күніне байланысты соңғы шешімді Президент Штайнмайер шығарады, алайда партиялар қазірден бастап мезгілінен бұрын сайлауға дайындала бастады.
Ұқсас жаңалықтар

Зеленский "Әлемде бізсіз Путинмен мәміле жасай алатын көшбасшы жоқ" деді
Зеленский Украинасыз АҚШ-Ресей келісімін қабылдамайтынын айтты.