Гаитиде 20 адам қаза тапты

Гаитиде қылмыстық топ мүшелерінің  жасаған шабуылында 20 адам қаза тапты.

2220210
Гаитиде 20 адам қаза тапты

Астана Порт-о-Пренс қаласының «Petite Riviere» ауданында қаруланған қылмыстық топ ғимаратқа басып кірді.

Шабуыл барысында арасында балалармен бірге 20 адам қаза тапты.

Гаити полициясы шабуылға Лаксон Элан есімді қылмыстық топты кінәлап, шабуылдаушыларды ұстау үшін операция бастады.

Куәгерлердің бірі испандық «EFE» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында шабуыл кезінде ұйықтап жатқан кем дегенде 20 адамның қаза тапқанын айтты.

Өткен демалыс күндері де Гаитиде қылмыстық топтардың шабуылдары салдарынан 187 адам қаза тапқан болатын.

Жылдар бойы саяси, экономикалық және қауіпсіздік дағдарыстарымен күресіп келе жатқан 11 миллионнан асатын халқы бар Гаити аштық қаупін де бастан кешуде.

Ел астанасының 80% қаруланған қылмыстық топтар бақылауға алған елде зорлық-зомбылық оқиғалары күн сайын артуда.

Жыл басынан бері қарулы қылмыстық топтардың шабуылдары салдарынан 5 мыңнан астам адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар