Мадуро 10 қаңтарда ант береді

Мадуро ел халқын бірлік болуға шақырды.

2219760
Мадуро 10 қаңтарда ант береді

Венесуэла президенті Николас Мадуро 2025 жылдың 10 қаңтарында ант беретінін мәлімдеді.

Мемлекеттік «VTV» телеарнасының сұрақтарына жауап берген Николас Мадуро өз жақтастарын осы датада көшеге шығуға шақырып, Венесуэланың үлкен өзгеріс процесіне кіретінін мәлімдеді. Мадуро сонымен бірге олигархия мен империализмге қарсы бірлік болуға шақырды.

Испанияда жүрген оппозиция жетекшісі Эдмундо Гонсалесті нысанаға алған және оны азаматтық соғысты қоздырды деп айыптаған Мадуро Венесуэланы құрметтеу керектігін баса айтты.

Николас Мадуро шілдеде өткен президент сайлауында 51,20 пайыз дауыспен үшінші рет жеңіске жеткен еді.

Оппозициялық коалицияның кандидаты Гонсалес пен оппозиция жетекшісі Мария Корина Мачадо сайлау нәтижелерін қабылдамаған болатын.

Оны тұтқындауға ордер берілгеннен кейін Гонсалес әйелімен бірге 8 қыркүйекте Испанияның әуе күштеріне тиесілі ұшағымен Каракастан Испания астанасы Мадридке ааттанып кетті.



Ұқсас жаңалықтар