"Сирияда қарулы күшіміз жоқ"

Иран Төңкеріс Сақшылары армиясының қолбасшысы парламентте сөз сөйледі.

2218974
"Сирияда қарулы күшіміз жоқ"

Иран Төңкеріс Сарбаздары армиясының қолбасшысы Хусейн Салами Асад режимі құлағаннан кейін Сирияда Иранның қарулы азаматтарының жоқтығын айтты.

«Хабаронлайн» ақпарат сайтының хабарлауынша, Салами Иран парламентінде Сириядағы соңғы өзгерістер мен Иран ұстанатын әскери стратегия талқыланған жабық отырыста сөз сөйледі.

Салами Иранның әскери кеңесшілері мен күштерінің Асад режимі құлағанға дейін Сирияда болғанын айтып, бірақ Иранның қазіргі уақытта Сирияда ешқандай әскери күші жоқ екенін білдірді.

Отырыста аймақтағы әскери стратегиялар, Израильдің операциялары және Иранның Израильге қарсы операциялары талқыланды. Сонымен қатар аймақтың қауіпсіздік  жағдайына да егжей-тегжейлі баға берілді.



Ұқсас жаңалықтар