Сербияда «Түрік мәдениеті күндері» басталды

Іс-шара 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

2218825
Сербияда «Түрік мәдениеті күндері» басталды
sirbistan Turk kultur gunleri1.jpg
sirbistan Turk kultur gunleri.jpg

Сербияның Нови Пазар қаласында «Түрік мәдениеті күндері» іс-шарасы басталды.

Түркияның Нови Пазардағы Бас консулдығы, Юнус Эмре институты және Түркия Түлектері қауымдастығы ұйымдастырған шара аясында «Анадолы әуендері» атты түрік джаз музыкасының концерті өтті.

Нови Пазар Түрік мәдениеті орталығында басталған іс-шараның ашылуында Бас консул Осман Пешмен мәдени іс-шаралардың халықтар арасындағы қарым-қатынасты нығайтатынын атап өтті.

Пешмен Санжак өңірін, оның ішінде Нови Пазар қаласын Түркия мен Сербия арасындағы көпір ретінде көретінін және бұл аймақта ұйымдастырылатын білім, мәдениет және өнер саласындағы іс-шараларды қолдайтынын айтты.

Іс-шара аясында үш күн бойы концерттер, панельдер және кино көрсетілімдері өтетіні туралы хабарлаған Пешмен екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға үлес қосқысы келетіндерін жеткізді.

«Түрік мәдениеті күндері» шарасы 11 желтоқсанда аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар