Газаның солтүстігіндегі Бейт Ханунда 25 адам қаза тапты

Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимде палестиналықтарға қарсы тұтқындаулар, рейдтер мен шабуылдар артуда.

2218996
Газаның солтүстігіндегі Бейт Ханунда 25 адам қаза тапты

Израильдің Газаның солтүстігіндегі Бейт Ханунға жасаған әуе шабуылында бір әулеттен 25 адам қаза тапты.

Қаза тапқандардың туысы Абдуррахман Келхут «Израиль әскері Келхут әулеті паналаған үйге шабуылдап, толығымен жойды» деді.

Шабуылда 25 адамның қаза тапқаны және Израиль шабуылдарына байланысты екі отбасының да Жибалия босқындар лагерінен Бейт Ханунға көшуге мәжбүр болғаны анықталды.

Израильдің Бейт Ханун қаласына жасаған басқа да әуе шабуылдарында 15 палестиналық қаза тапты.

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 44 мың 758 палестиналық, оның ішінде шамамен 17 мың 492 бала мен 11 мың 979 әйел қаза тауып, 106 мың 134 адам жараланды. Үйінділер астында әлі мыңдаған өлі бар екені хабарланды. Газада халық паналаған ауруханалар мен оқу орындар нысанаға алынып, азаматтық инфрақұрылым  жойылуда.

2023 жылдың 7 қазанынан бастап басып алынған Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимде палестиналықтарға қарсы тұтқындаулар, рейдтер мен шабуылдар артуда.

Ұсталған палестиналықтардың саны 11 мың 900-ден асқаны хабарланды.

Палестинаны азат ету ұйымы мен Палестина тұтқындар қауымдастығының тұтқындар мен босатылған делегациясы жасаған мәлімдемелерде Батыс Шерияның оңтүстігіндегі Эцион түрмесінде ұсталған 9 палестиналықтың уланғаны жарияланды. Мәлімдемеде палестиналық тұтқындардың тамақтан уланғаны және бұл Эцион түрмесіндегі алғашқы улану емес екені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар