Джон Драмани Махама қайтадан президент болып сайланды
Гананың бұрынғы президенті сайлауда тарихи жеңіске жетті.
2218885

Гананың бұрынғы президенті Джон Драхами Махама экономикалық дағдарысты басқару бойынша үкіметке наразылық білдірген сайлаушылардың шешімімен билік партиясының жеңілгенін мойындағаннан кейін тарихи жеңіске қол жеткізді.
Сенбі күні өткен сайлаудан кейін "Жаңа патриоттық партияның" кандидаты вице-президент Махамуду Баумия ганалықтардың өзгерісті қалағанын мойындап, өзінің жеңілгенін қабылдады. Ол бағаның өсуіне байланысты халықтың наразылығын жеңе алмады.
Оның жеңілісі "Жаңа патриоттық партиясының" Президент Нана Акуфо-Аддо басшылығындағы сегіз жылдық билігін аяқтады. Соңғы мерзімінде Батыс Африка елінде ең ауыр экономикалық дағдарысы, жоғары инфляция және қарыздық дефолт сияқты қиындықтар болды.