Сирияда Баас партиясының 61 жылдық билігі жойылды

Асад Ресейден саяси баспана алды.

2218550
Сирияда Баас партиясының 61 жылдық билігі жойылды

Ресей Сирияның биліктен айрылған басшысы Башар Асадтың елінен кеткенін мәлімдесе, кейбір ақпарат көздері Асад пен оның отбасы Ресейде екенін жариялады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Сириядағы соңғы өзгерістер баяндалды. Сириядағы жағдайдың «трагедиялық және алаңдатарлық» екені айтылған мәлімдемеде Асад пен қарулы қақтығысқа қатысушы күштер арасында келіссөздер жүргізілгені хабарланды.

Мәлімдемеде «Келіссөздер нәтижесінде билікті бейбіт жолмен беру туралы нұсқау берген Асад қызметінен кетуге шешім қабылдады және елден кетті. Ресей бұл келіссөздерге қатыспады» делінген.

Ресейлік «ТАSS» агенттігінің хабарына қарағанда саяси баспана ұсынылған Асад пен отбасы Мәскеуге келді. Хабарда Асад пен жанұясының Мәскеуде екені, саяси баспана құқығының гуманитарлық негізде берілгені айтылды.

27 қарашада Сирияда режим күштері мен қарсылас қарулы топтар арасында қақтығыстар күшейген болатын.

7 желтоқсанда Дамаскіге кіре бастаған топтарға халық қолдау көрсетті. Нәтижесінде режим Дамаскіде және басқа да көптеген аймақта бақылаудан толығымен айырылып, күйреді. Кеше Сирияда Баас партиясының 61 жылдық билігі жойылды.



Ұқсас жаңалықтар