Путин Башар Асад пен отбасына саяси баспана берді

Бұл туралы Ресей президенттік сарайының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

2218629
Путин Башар Асад пен отбасына саяси баспана берді

Ресей президенттік сарайының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Сирияда күйреген Баас режимінің басшысы Башар Асад пен отбасына саяси баспана беру шешімінің Ресей президенті Владимир Путинге тиесілі екенін айтты.

Песков Сириядағы соңғы оқиғаларды баспасөз өкілдерімен талқылады.

Ресейдің Асад пен отбасына саяси баспана беру шешіміне тоқталған Песков «Мұндай шешімдер Президенттің рұқсатынсыз қабылданбайды, бұл оның шешімі» деді.

Путиннің Асадпен кездесуді жоспарламағанын айтқан Песков Асадтың қайда екені туралы мәлімет бергісі келмеді.

Ресейдің Сириядағы Хмеймим және Тартус әскери базаларының жағдайына тоқталған Песков «Бұл маңызды мәселе. Бұл туралы айтуға әлі ерте. Сирия билігіне келетін басшылармен талқыланатын мәселе. Қазір елде өзгерістер мен тұрақсыздық жалғасуда» деді.

Песков базалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадамдар жасалғанын айтты. Ресей, Түркия және Иранның Сирия мәселесіне қатысты құрған Астана форматын атап өткен Песков «Бұл формат өз мақсатын жоғалтса да аталмыш елдер арасындағы саяси пікір алмасу тетігі ретінде әрқашан жарамды болып қала береді. Қалай болғанда да саяси пікір-алмасулар әрине жалғасады» деді.

Баспасөз хатшысы Песков Сириядағы жағдайға байланысты Түркия және басқа аймақ елдерімен өзара байланыста екендерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар