Cтамбулдағы Сирия Бас консулдығына «революция туы» ілінді

Кеше елдегі Баас партиясының 61 жылдық билігі аяқталған болатын.

2218592
Cтамбулдағы Сирия Бас консулдығына «революция туы» ілінді

61 жылдық Баас режимі құлағаннан кейін Cтамбулдағы Сирия Бас консулдығына «революция туы» ілінді.

Кеше Бас консулдық қызметкерлері күйреген режимге тиесілі туды алып тастады. Бүгін таңертең Бас консулдық балконына «Сирия революция туы» ілінді.

27 қарашада Сирияда режим күштері мен қарсылас қарулы топтар арасында қақтығыстар күшейіп, 7 желтоқсанда Дамаскіге кіре бастаған топтарға халық қолдау көрсеткен еді. Нәтижесінде режим бақылаудан толығымен айырылып, күйреді. Кеше елдегі Баас партиясының 61 жылдық билігі аяқталып, режим жетекшісі Башар Асад елден қашып кетті.



Ұқсас жаңалықтар