Мосул губернаторы Анадолы агенттігіне сұқбат берді

Абдулкадир ед-Дехил «Мосулдың дамуында Түркияның үлкен рөл атқарғанын қалаймыз» деді.

2217898
Мосул губернаторы Анадолы агенттігіне сұқбат берді

Ирактың Мосул губернаторы Абдулкадир ед-Дехил Түркияның Мосулдың дамуында үлкен рөлге ие болуын қалайтындарын айтты.

Абдулкадир ед-Дехил Анкара губернаторы Васип Шахиннің шақыруымен 26-29 қараша аралығындағы Түркия сапарына байланысты Анадолы агенттігіне сұқбат берді.

Мосул губернаторы Ирак пен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың күннен-күнге нығая түскенін, екі ел арасындағы сауданың артқанын, Иракта түрік фирмаларының санының артуына қуанышты екендерін, түрік фирмаларының Мосулдың дамуына айтарлықтай күш салып, үлес қосқанын мәлімдеді.

2014-2018 жылдар аралығында Мосул террор ұйымы ДАИШ-тың бақылауында болғанда қалаға үлкен зиян келгенін еске салған губернатор аймақта шамамен 6 жыл бойы құрылыс және даму жобаларының үзіліссіз жүргізілгенін айтты.

«Құрылыс жұмыстарында түрік фирмаларымен жұмыс істегіміз келеді. Түркиядағы өндіріс фирмаларына ұқсас фирмаларды Мосулда да көргіміз келеді. Түркияның өнеркәсіптік және ауылшаруашылық тәжірибелерінен пайдалану керек. Мосулдың дамуында Түркияның үлкен рөл атқарғанын қалаймыз» деді губернатор.



Ұқсас жаңалықтар