Хама қаласы қарулы топтардың бақылауына өтті
Сирия армиясы Хамадан шегініп, режимге қарсы топтар қалаға кіргеннен кейін жаңа шепке орналасқанын хабарлады.
Сирияның Хама қаласының орталығы режимге қарсы қарулы топтардың бақылауына өтті.
Режимге қарсы топтар Хаманың Мезариб, Санаи және Арбаин аудандарын басып алып, қала орталығының ішкі бөліктеріне кіріп, сол жерде бақылауды қолға алды.
Сирия армиясы Хамадан шегініп, режимге қарсы топтар қалаға кіргеннен кейін жаңа шепке орналасқанын хабарлады.
Сириядағы азаматтық соғыс басталғаннан бері (2011) алғаш рет Хама қала орталығы толығымен үкіметтің билігінен шықты. Хама уәлаяты Латакия мен астана Дамаскке Хомс арқылы әсер ету мүмкіндігіне байланысты стратегиялық орынға ие.
Хаманың режимге қарсы топтардың бақылауына өтуімен астана Дамаск пен Идлиб және Алеппо арасындағы байланыс үзілді. Астана Дамаск үшін де қауіп төніп тұр.
Сирияда режим күштері мен қарсылас қарулы топтар арасындағы қақтығыс 27 қарашада басталған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
“Таяу Шығыс қайта қалыптасуда”
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Газа секторы үшін БҰҰ мүше елдерінен қолдау сұрады.