Стратегиялық серіктестік келісім күшіне енді
Бұл келісім тараптардың біріне шабуыл жасалған жағдайда өзара әскери көмек көрсетуді көздейді.
Ресей мен Солтүстік Корея арасында маусым айында қол қойылған жан-жақты стратегиялық серіктестік келісімі күшіне енді.
Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко мен Солтүстік Корея Сыртқы істер министрінің орынбасары Ким Чен Гю Мәскеуде серіктестік келісімінің күшіне енуін көздейтін хаттамаға қол қойды.
Хаттамаға сәйкес Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы келісім күшіне енді.
Ресей президенті Владимир Путиннің маусым айында Солтүстік Кореяға сапары барысында екі ел арасында жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылған болатын. Бұл келісім тараптардың біріне шабуыл жасалған жағдайда өзара әскери көмек көрсетуді көздейді және Солтүстік-Шығыс Азия мен Азия-Тынық мұхиты аймақтарында бөлінбейтін қауіпсіздік жүйесі бар көпполярлы әлемдік тәртіпті құруға ықпал ететіні айтылған.